«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық - педагогикасы» онкүндігі шеңберінде мектеп кітапханашысы Конурбаева Д.А. «Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММ фойесінде: «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің мақсаты әр адамның өмірі мен дамуында ерекше рөл атқаратын, сүйіспеншілікке, мейірімге баулитын ана туралы, анаға қамқорлық жайлы кітаптар мен әдебиеттер насихаттау болды. Көрмеде С.А.Назарбаеваның «Путь к себе», Қазақстан Жастар Одағының «Во имя жизни», Отбасылық тәрбиелеу Институтының «Семейное воспитание дошкольников», «Семейное воспитание» кітаптары, сонымен қатар, «өзін-өзі тану» журналдары қойылды. Кітап көрмесі – жас ұрпақты мейірімділік пен толеранттілікке, қоғамда өмір сүре білуге және өзара түсіністікке баулу көрнекі жетелеуге себін тигізді.