05.02.2020
«Өзін-өзі тану» онкүндігінің шеңберінде бастауыш сыныптардың оқушылары арасында «Моё солнышко тебе» атты қолдан жасалған заттардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар мен ата-аналар көрмеге белсенді қатысты. Жұмыстардың бәрі жарқын, ашық, қызықты, әдемі болды және бірегейлігімен ерекшеленді. Ал заттар қол астындағы: қағаз, губка, пенопласт, түрлі түсі ленталар, маталар т.б. қалдық материалдардан жасалды. Қиялдық шын мәнінде шегі жоқ. Мектептің фойесі лезде күннің шуағына бөленіп сала берді.
Мектепке келген ата-аналар, балалар, қонақтар, мұғалімдер көрмеге тамсана қарап, қызыға тамашалады.
Барлық оқушылар мен ата-аналарға шығармашылық пен шеберлік танытқаны және мектеп көрмесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз.