«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ілияс Есенберлин атындағы мектеп мұражайы

17.11.2017

«Правильное воспитание — это наша счастливая старость, плохое

воспитание – это наше будущее горе, это наши слезы, это наша вина перед другими

людьми, перед всей страной»

  А.С.Макаренко

 

Отанға деген сүйіспеншілік жайдан жай пайда болмайды жәнне жоғалып та кетпейді. Оған салиқалы және ойлы түрде бала жастан бастап баулу керек. Осы арада біздің ойымызша, мектеп мұражайы аса маңызды рөл атқарады.

Осы орынға келген әр бала "Біздің мектебімізде осындай мұражайдың болуы қандай керемет" деп іштей ойланып, мақтан тұтары сөзсіз. Мұражайдың ішіне кірмей тұрып, жанына келгеннен бастап-ақ оның кербездігі, сұлулығы көз тартады, ал ішіне кірген соң үйлесім мен тыныштық әлеміне сүңгисіз. Біздің мектебіздегі мұражай бірнеше жылдан бері жұмыс жасауда. Оқушылар жетекшілермен бірлесіп түрлі бағыттағы: қазақ жазушысы І.Есенберлин, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері туралы көптеген ақпараттарды жинастырды. Мұражайдың жұмысын жаңғырту үшін оқушылар, мұғалімдер арасынан іздеу-жинастыру, қорластыру, саяхаттық, экс­позициялық топтар құрылды. Шығармашылық топ мұражай қорын толықтыру бағытында жұмыс жасады.  

Патриоттық тәрбиелеу бойынша барлық атқарылған істердің тиімділігі - оның салдарынан: осы іске араласу маған не берді, қандай сезімде болдым, бұдан әріде не істеу керек, оны атқару керек пе жоқ па тәрізді рефлексияда болса керек. Менің ойымша, мектепте арнайы ұйымдастырылатын патриоттық тәрбие міндетті түрде керек. Ол қоғамның күнделікті күйбең тірлік барысында жоғалтып алған қасиетті сезімі Отанға, еліне, өзінің туған өлкесіне деген ешбір аса сілтеусіз, шынайы сүйспеншілігін қайтару мүмкіндігін береді.

Біз мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне мұражай жұмысын ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз, алда әлі де талай игі  істер күтіп тұр...

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст