«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Интеллектуалды сайыс Тақырыбы: «Қызықты қазақ тіл әлемі»

08.11.2017

Интеллектуалды сайыс
Тақырыбы: «Қызықты қазақ  тіл әлемі»

Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін  дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қимақағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халықпедагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру  кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды  шақыру.
2) Әділқазылар  алқасын сайлау.
3) Сайыстың  мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың  аттарымен , ұранымен, таңбасымен  танысу.
І топтың аты - «Тұлпар», ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан  тұлпар», таңбасы - аттың  суреті.
ІІ топтың аты - «Домбыра», ұраны «Бабамның үні, бабамның  тілі - домбыра», таңбасы - домбыра  суреті.
І тур «Бәйге»
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)
І топ «Тұлпар» тобына  сұрақтар
1. «Термин» қай  тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты  сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың  түрлерін  ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше  септік  жалғауы бар? (7)
8. «Ақ  киізге  көтерді» мағынасы не? (хан сайлады)
9. Зат  есім  құрамына қарай  нешеге  бөлінеді? (дара, күрделі)
10. Дыбысты  немен  таңбалайды? (әріп)
11. 42 әріптің  жүйелітізбегі  қалай  аталады? (әліпби)
12. Қазақ  әліпбиінде  қанша  дыбыс бар? (42)
13. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)
14. Қосарлы  дыбыстардың саны нешеу? (3)
15. «Әліпби» сөзі  қай тілден  енген? (араб тілі)
16. Дауысты дыбыс  тілдің қатысына қарай  нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)
17. Дауысты  дыбыс  жақтың қатысына қарай  нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)
18. Дауыссыз дыбыстың түрлерін  ата. (қатаң, ұяң, үнді)
19. Әліпбидегі  алғашқы 7 дауыссыз  қалай  аталады? (ұяң)
20.Дауыссыздар ненің  қатысына  қарай 3-ке бөлінеді? (салдыр мен үн)
ІІ топ «Домбыра» тобына  сұрақтар
1.Екпін түрі  нешеу? (4)
2.Үндестік  заңы  нешеу? (2)
3.Қосымшаны  тіл  білімінің қай  саласы  зерттейді? (морфология)
4.«Лексика» сөзі  қай  тілден енген (латын  тілінен)
5.Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация)
6.Фонетика нені  зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7.Пәлеқор сөзі  буын  үндестігіне бағынама? (жоқ)
8.Көзқарас қандай  сөз? (біріккен)
9.Дыбыс үндестігінің  түрлерін   ата. (ілгерінді, кейінді)
10.Орфография  нені  зерттейді? (дұрыс жазылуын)
11.«Жаны зәртүбіне  жету» мағынасы не? (қорқу)
12.«Досы жоқпен  сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)
13.Дауысты дыбыс  еріннің қатысына  қарайнешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)
14.Дауыстылардың саны қанша? (12)
15.Әліпбидегі 10-шы дыбыс  қандай  дыбыс? (Ж)
16.Сөз таптары  нешеу? (тоғыз)
17.Қосымша нешеу? (екеу)
18.Жұрнақтың түрлерін  ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
19.Зат есімнің мағыналық  түрлерін  ата. (деректі, дерексіз, жалпы, жалқы)
20.Сын есімнің шырайларын ата. ( салыстырмалы, асырмалы)
І турдың  қорытындысын тыңдау.
ІІ тур “Полиглот”
(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)
1. ...қылды қақжарған. (қара)
2. Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын  төрге  сүйрер.
Атадан ... ұл  туса,
Төрдегі  басын  жерге  сүйрер. (жаман)
3. Ел қонбаса - ... азады,
Жер  болмаса – ер азады. (жер)
4.... ала болса, ауыздағы   кетеді,
Төртеу   түгел   болса, төбедегі   келеді. (алтау)
5. ... тас   жарады,
Тас   жармаса, бас жарады. (тіл)
6. ... көпті   жау   алмайды,
Ақылы   көпті дау алмайды.(досы)
7. ... өссе  елдің  көркі,
Гүл  өссе жердің  көркі.(қыз)
8. ... таумен  кездеспейді,
Адам адаммен   кездеседі. (тау)
9. Қынат   асқа  бітеді,
...басқа  бітеді.(білім)
10. ... сүйектен   өтеді,
Таяқ  еттен   өтеді. (сөз)
ІІ турдың     қорытындысын   тыңдау.
ІІІ тур «Көрерменнен  көрімдік»
(Топ ойыншылары  қимақағаздағы  сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)
Ат
Дулыға
Сандық
Той
Жол
Сәби
Ту
Киізүй
Жұлдыз
Телефон
Кітап
Көгершін
Балмұздақ
Боран
ІІІ турдың қорытындысын тыңдау.
ІҮ тур «Өтірік өлеңдер»
(Топ оқушылары белгілі уақытпен ойларынан өтірік өлеңдер шығаруы  тиіс.)
ІҮ турдың  қорытындысын  тыңдау.
Ү тур «Алты  жұмбақ»
(Оқушылар  берілген үзіндінің қай шығармада некенін анықтап, қандай салт – дәстүрдің бар екенін анықтауы керек.)
- Сенің сегіз қызың біртөбе, Кенже кейің біртөбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенже кейің тоғызыншы ұлым дікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)
- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мынау әзірлер. Бұл ар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бір неше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақшаханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аязби» ертегісі, енші беру).
-Алтын мен ішін безеген,
Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген
Арттыруға сайланды.
Қырық түйе қазына ,
Қырық құл мен қырық күң,
Қосып берді қызына.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ер Төстік» ертегісі, жасау беру.
Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Кімде полбаланың несін қойды?
(Қай шығармаданалынған, қандай дәстүр бар?) «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.
Көті бар қызды қосты Әлібекке
Атақты өзі батыр асыл текке.
Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,
Арттырды елу  нарды әділетке.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Айман-Шолпан» жыры, киіт кигізу, жасау беру, үйлендіру.
Балталы ,Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткенжер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «ҚозыКөрпеш - Баян сұлу» жыры, қоштасу.
Өлім деген тәңіріиесі,
Желік кен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы, естірту,
Ү.турдың қорытындысын тыңдау.
ҮІ тур “Тест”
(Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ –сын есім, В әрпін таңдаған топ –сан есім қатысқан мақал-мәтелдер айтады. Дайындыққа 1 минут)
ҮІ турдың қорытындысын тыңдау.
ҮІІ тур “Жекпе жек”
(Әртоптың жетекшілері шығып берілген «қазақстандықтар» сөзіне бірнеше сөздер құрайды.)
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқынт.б.)
Жалпы барлық турдың қорытындысын тыңдау.
Қорытынды:
Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларын анақты жауапты ойлылық пен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпыныс мүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы,тіл мәдениетін де нақты жауап беру ұшқырлығысын алды. Бірін – бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілік қасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып мектеп әкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды. Жеке оқушыларға да аты аталып, мақтау қағазы тапсырылды.

Кері қайту

Ілмек сөздер: қызықты, қазақ, тілі, интеллектуалды, сайыс


«Б»

- Сен бүгін не жедің?
- Қыздар әскерге бара ма?
- Мектеп ережесін білесің бе?
- Досыңның аты кім?
- Қандай жануарларды білесің?
- Жазда қайда болдың?

«А»

- Қыста балалар не істейді?
- Үйіңде неше жан бар?
- Қандай кітап оқыдың?
- Ұлттық тағам аты?
- Ата – анаңның есімдері кім?
- Қандай әнді жақсы көресің?

«Т»

- Қандай тамақты жақсы көресің?
- Жазда балалар не істейді?
- Қай қалада болдың?
- Оған немен бардың?
- Сені кім қарсы алды?
- Қандай киноны ұнатасың?

«Ж»

- Математика сабағы саған ұнайма?
- Ұлдар көйлек кие ме?
- Атың кім?
- Фамилияң кім?
- Қандай құстарды білесің?
- Кім болғың келеді?

«С»

- Қайдан келдің?
- Немен келдің?
- Жасың нешеде?
- Нені ұнатасың?
- Қандай ұлттық киім түрін білесің?
- Нешеге дейін санай аласың?

«М»

- Қайда барасың?
- Немен барасың?
- Жазда не киесің?
- Әскерге кімді алмайды?
- Қанд айақын – жазушыларды білесің?

 

4.Сенің әрбір тынысың мен күн кешем, 
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. 
Ел бетіне қалай түзу қараймын , 
Ана тілім, 
Егер сені білмесем. 
Анатілім –дана тілім,бақ тілім, 
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім? 
Сенсің менің қасіретім ,шаттығым, 
Сенсің менің тазалығым ,пәк тігім. 
Ана тілім – 
Алтын ұям,құндағым, 
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым. 
Сенің жазың,сенің әнің айтарым, 
Санам сөніп, 
Байланғанша тіл – жағым! 

5.Сүйемін туған тілді – анам тілін, 
Бесікте жатқаным да-ақ берген білім. 
Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 
Құлағыма сіңірген таныс үнің. 

6.Жанбасам да,жансам да, 
Туған тілде сайраймын. 
Мылқау болып қалсам да, 
Туған тілді ойлаймын. 

 

Просмотров: 9280

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст