Бүгінгі заманауи адам екі және одан да көп тілді еркін меңгерген тұлға ретінде сипатталады. Осыған байланысты еліміздің мектептерінде «Тілдердің үштік бірлігі» мәдени бағдарламасы біртіндеп іске асырылуда. Идея мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз деген қарапайым формуламен айқындалады. Ағылшын тілін үйрену шет елде, әлемнің озық жоғары оқу орындарында білім алу және тәжірибе жинақтау мүмкіндігін береді. 2020 жылдың 6 ақпаны күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ мұғалімдері Даржанова Алтынай Отузбаевна мен Герасимова Елена Валерьевна, пәнаралық кіріктіру тіл тұжырымдамасы бойынша СLIL – сабақ өткізді. Даржанова Алтынай Отузбаевна өткізген биология сабағында 9 «Б» сынып оқушылары Шекспирдің тілінде ДНК молекулаларын зерттеді, Герасимова Елена Валерьевна өткізген информатика сабағында 9 «А» сынып оқушылары енгізу, жою әдістерін жеңіл түсіндірді. Тілдерді білу оқушыларды келешек оқуы мен жұмысында ілгерінді болшақаққа жетелейді.