«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көркем сөз әлемінде…

10.10.2017

Поэзияны қасиетті деп білетін жанды жүректердің әлі бар деп сенемін...

Н.А. Некрасов

 

Біздің балаларымыз нені оқиды? Олар классикалық әдебиетті біле ме? өкінішке орай, бұл сұрақтың жауабы көңіл көншітпейді. Қазіргі заманғы жеткіншектердің өмірінің көп уақыты интернетте және компьютерлік ойындар алдында өтуде. Бұл негативті үдерісті тоқтату үшін баларадың алдында көркем сөздің қызықты әлемін ашқан дұрыс. Жыл сайын мектепте «Талантливый Пегас» атты өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы өткізіледі. 5-7 сыныптардың жас оқырмандары өлеңдерді мәнерлеп оқу бойынша күш сынасты. Олар қазақ және орыс, ағылшын тілдеріндегі кез келген лирикалық және прозаикалық шығармалардан үзінділерді пайдаланды. Балалар конкурсқа тыңғылықты дайындалған. Олардың көркем сөзді мәнерлеп оқудан басқа, конкурстың шарттары артистизмге ерекше мән беріп, қимыл-мимиканы, рөлдік оқу тәрізді сәттеріне де ерекше қарағаны қуанарлық. Сөйтіп оқушылар көркем сөзді мәнерлеп оқу арқылы шамалап актёрлік өнерге бойлады, конкурстің жарыстық сәті олар үшін маңызды болған жоқ деп ойлаймы. Конкурс баршаға керемет позитивті сәттерді, қуанышты эмоцияларды сыйлады. Конкурстың басты міндеті - балаларға бір-бірінің қуаныштарымен, әдеби шығарма сюжетінен алған әсерімен бөлісе білуге, ондағы оқиғаны өз басынан өткеруге және өзінің көңіл-күйімен үйлесіміділігін көрсетуге үйрету, жазушыны қызықты кеңесші, дана ақылшы деп тануға, өз шамшырағы мен бағытын таба білуге, өздерінің өмір бойы өнеге тұтарлық кейіпкерлерін кездестіруге баулу, өз құрдастарын тыңдай білге баулу болды. Асыға күткен сәт те келіп жетті. Қазылар алқасының төрайымы қазақ тілі мұғалімі Камисс Мейрамгүл жеңімпаздарды атады және бірінші тоқсан аяқталғанда оларды дипломдармен, ал қатысушылар грамоталармен марапатталатынын айтты.

Біздің жеңімпаздар:

Писклова Дарья, 6 «А» сынып – I орын, Швабауэр Виктория, 6 «А» сынып –II орын және Цариценко Алексей,

7 «Б» сынып – III орын. Конкурс аяқталды, балалар осыдан кейін кітап оқи ма? Белгісіз... айту қиын. Дегенмен, олардың көбі осындай конкурстарға қатысуға ниет танытты, тағы қандай кездесілер болады? деген сұрақ қойды. Олардың бәрінің әдебиет пен классикаға деген ойлары ортақ екені байқалды. Бұл болса да жақсы және көш жүре түзеледі дегендей, келешекте кітап біздің отбасымызда, мектебімізде, жалпы елімізде басты құндылыққа айналады-ау деп үміттенеміз.

Сәттілік сендерге, балалар!

Просмотров: 518


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст