07.02.2020
2020 жылдың 7 ақпаны күні Жақсы п. Ақмола облысы аудандарының тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлері, мектеп директорларының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары, сынып жетекшілері, отбасылық клубттардың жетекшілеріне арналған облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: педагогтардың, оқушылардың ата-аналарының жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарындағы күштерін бірлестіру. Семинар екі кезеңде өтті:
1. Ата-аналар қауымдастығын облыс мектептеріндегі тәрбиелеу жұмыстары бойынша қызметтерімен таныстыру.
Атбасар ауданы ата-аналар Ассоциациясының төрайымы Садвокасова Баян Мынжасаровна отбасылық клубтар мен әкелер клубтарының жұмыстарын дамыту бойынша сөз алды. Ол Атбасар ауданында 23 отбасылық клуб пен 6 әкелер клубы жұмыс жасайтынын, олардың аудандық және облыстық конкурстарға белсенді қатысатынын атап өтті. Соның бірі «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы № 1 орта мектебі» КММде құрылған «Жанұя» клубы «Отбасылық клубтың ең үздік портфолиосы» конкурсында жеңімпаз атанып, бірінші орынды иеленгені үшін грамотамен және 80 мың теңге сертификатпен марапатталды
2. Семинарға қатысушылар үшін жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламалары бойынша, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс және отбасылық мәселелер бойынша консультациялар берілді.
Мастер класс на тему льной работе Атбасар ауданының тәрбие жұмысы бойынша әдіскері Нурмагамбетова Кымбат Каиржановна «Школьные конфликты и пути их решения» тақырыбына мастер класс өткізді.
Облыстық семинар өнімді әрі танымды болып, мұғалімдер мен ата-аналар қауымдастығының жас жеткіншектерді тәрбиелеу жұмыстарындағы жаңа көкжиектерін ашты.