08.02.2020
Елімізде қазақстандықтарды үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін бірден меңгеруге бағытталған, білім саласындағы көптілділік бойынша бірегей саясат жүргізілуде. Көптілділік бағдарламасының негізгі мақсаты – Ел Басының «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру платформасын құру. 7 ақпан күні Жақсы п. № 2 орта мектебінде үші тілділік бойынша «Бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторы ретінде үштілді оқытуды енгізу» тақырыбындағы облыстық өңірлік семинар өтті. «Химия», «Физика», «Биология» және «Информатика» пәндерін ағылшын тілінде оқыту тәжірибесін енгізуге арналған аталмыш шара: Ақкөл, Атбасар, Жақсы аудандары мен Степногор, Көкшетау қ. мұғалімдерінің басын қосты. «Атбасар қаласы №1орта мектебі» КММ мұғалімі Даржанова А. О. з сабақтарында жүргізетін белсенді әдістерді көрсете отырып, биология пәнін ағылшын тілінде оқыту бойынша мастер класс өткізді. Түрлі стратегиялар оқушылардың сөйлеуін, оқуын, тыңдалымын, ағылшын тіліндегі жаңа білімдерді қолдануын дамытумен қатар, әр түлектің жеке бәсекеге қабілеттіліктерін дамытады. Аталған шара облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскер-тәлімгері С.С. Алиеваның басшылығымен өтті, ол семинарды қорытындылап, рефлексия өткізді, ЖМЦ мұғалімдерінің жұмыстарын жоспарлау бойынша әдістемелік ұсыныстар жасап, қатысушыларағ сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.