08.02.2020
7 ақпан күні Атбасар ауданы білім бөлімінің конференц – залында Атбасар ауданы мектептерінің 1-ші сыныптарында жұмыс жасаушы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік сағат өтті. Бұл шараға Атбасар ауданының мұғалімдері қатысты. № 1 ОМ мұғалімі Нурмагамбетова И.Г. "Различные приёмы и методы формативного оценивания" тақырыбына баяндама жасады Ол қалыптастырушы бағалаудың түрлері және оның оқыту үдерісіндегі маңызы жайлы айтты. Оқушылармен байланыс орнату және кері байланыс құру жұмыстарын ұйымдастыру туралы № 2 Баловсяк Н.В. сөйледі. №3 ОМ бастауыш сынып мұғалімі Смагулова А.А.: "Составление СОР и СОЧ" тақырыбында сөз алды. Педагог БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруға кеңінен тоқталды. Атбасар ауданы білім бөлімінің әдіскері Козыбакова А.М. және №7ОМ ОІМ Жанымхан Н. жиналғандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Барлық баяндаулар қызықты, мазмұнды болды. Мұғалімдер шара басырында жаңартылған мазмұнда білім беру мәселесіне қатысты, келешек жұмыстарына қажетті болатын көптеген пайдалы ақпараттар алды.