«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім мазмұнын жаңарту- заман талабы

11.07.2017

29.05.2017 - 24.06.2017 аралығында   педагогикалық шеберлік орталығының Көкшетау қ. филиалы базасында  Қазақстан ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған Республикасындағы жаңартылған білім бағдарламасы шеңберіндегі 160 академиялық сағат  көлеміндегі облыстық  біліктілік арттыру курстары өткізілді. Курстарды білікті  тренер, ПШО филиалының оқытушысы   Журба Лилия Витальевна жүргізді.

Бұл курстардың мақсаты ағылшын тілінің  мұғалімдерін бірінші сыныптан бастап жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға дайындау болды. Бұл арада жаңартылған бағдарлама дегеніміздің тек жаңа оқулықтар мен жаңаша сағат сандары  ғана емес, сонымен қатар, жаға тұрғылар, әдістемелер, стратегииялар екенін әрі ең бастысы – ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлауды жаңаша көре білу мен балалардың білімдерін

бағалаудағы жаңа тұрғылар екенін  атап өту керек (формативті, суммативті бағалау).

     Оқу кезінде оқытудың және  сабақтың мақасаттарын   дұрыс құра білуге тәжірибелік бағыттағы  мазмұнды дәрістер  өткізілді. Белсенді оқытудың заманауи  әдістемелері  түсінікті, қызықты түрде жеткізілді. Дәріс берушінің жоғары кәсіби білігі осы курстың ерекшелігі мен кейбір сәттерін түсіне білуге себін тигізді. Курс барысында тыңдаушылар  өздерінің алдына қойған мақсаттарын іске асырып қана қойған жоқ, сонымен қатар,  өздерінің кәсіби қызметте өсудегі   келешек мақсаттарын да анықтады. Курс соңында  қорытынды  аттестация өткізілді, онда мұғалімдер өздерінің сабақтарын ұсынып, жобаларын қорғады. Оқу кезінде  педагогикалық тұрғыдан көптеген жаңа, пайдалы ақпараттар алынды, бұл ақпаратттардың өз қызметімізде іске асатыны, себи тиетіні сөзсіз. Мен өз тарапымнан қызыға зерделеп, оқып шыққан әр модуль бойынша теориялық  материалдардың пайдасы зор болғанын  ерекше атап кеткім келеді.

Біздің тобымыздың бағыттаушысы әрі дәріс беруші Журба Лилия Витальевнаға елгезектігі, шыдамдылығы мен асқан кәсіби біліктілігі, сабақ барысында құра білген жанға жайлы психологиялық жағдай үшін комфорт ерекше алғыс білдіргім келеді. Алған дәрісімнің  келешекте қызметіме оң әсерін беретініне сенімдімін.  

Просмотров: 476


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст