Текст
7 ақпанда «Родничок» балабақшасында аудандық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен білім берідің сапасын қамтамасыз етіп,әр түрлі бағдарламаға балалардың ерте араласуына қол жеткізу. Балабақша тәрбиешілері таным,денсаулық, шығармашылық саласында оқу қызметтерін көрсетті. Оқу іс әрекетінде балалар тапсырмаларды орындап, еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білді. Денешынықтыру оқу іс әрекетінде ата –аналармен бірге дене жаттығуларын жасады. Семинар соңында келген қонақтар жылы лебізіндер білдіріп алғыстарын айтты.