«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа аспектілері атты семинар

11.04.2017

27-30 наурыз аралығында Астана қаласының дарынды балаларға арналған «Дарын» мектебінде қазіргі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа аспектілері атты семинар өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ұстаздармен қауышып, пікір алмастым. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қазақ тілі білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы - Жақыпов Жантас Алтайұлы мен Жұмағұлов Сағымбай Ботпайұлы - Еуразия Ұлттық Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторлары дәріс оқып, тіл мен әдебиеттің біртұтас екендігіне тоқталды. Шумақ синтаксисі мен Эссе жанрларына кеңінен тоқталып, көптеген мысалдар келтірілді.Ол француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.

Эссенің түрлері:

        1.Салыстырмалы эссе

         2.Пайымдық эссе

         3.Көркем-әдеби эссе

Эссе құрылымы:

Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи - биографиялық, публицистикалық, әдеби - сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.

Эссенің құрылымдық бөліктері:

Эссе тақырыбы эссенің мақсатын,эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын,қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.

1. Кіріспе-берілген тақырыптың мәні ашатын бөлім.Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап істейтіндігімізді анықталады.

2. Неізігі бөлім-негізгі ой мен мәселеге байланысьты аргументтер жинақталған бөлім.Негізгі бөлімде дәлелдер,дәйектемелерді,түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырыпты ашады,көтерілген мәселені айқындап,оның туу себептерін көрсетеді.

3. Қорытынды-тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей,дәлелдемелер бойынша түйін шығарады,шешу жолдарын көрсетеді. Практик мұғалімдердің өткізген аргументтік эссе жаттығулары және ықшамсабақ түрлері де қатты ұнады. Біз оқушы ролінде болып,топтық, жұптық жұмыс түрлерінде жоба қорғап,бағалау түрлеріне тоқталдық.

 Оқытуды жақсартудың бес қағидасына тоқталдық.

-Оқушылармен кері байланысты тиімді пайдалану;

-баланың өзіндік оқуына белсенділігі;

-бағалау нәтижелерін ескере отырып,оқытуды өзгерту;

-оқушылардың өзін-өзі бағалауы;

-өздерінің оқуын қалай жақсартуды түсінуі.

 Сол себепті әр мұғалім оқытудағы қиындықтарды анықтап,жетістіктерді кері байланыс арқылы оқушы, ата-ана, мұғалім болып бөлісу,ол үшін баланы қызықтыру(уәж),болжай және сұрыптай келе,оқушыны бақылай білуі керек.

Барлық ұстаздар сертификат алып, марапатталды. Мен де осындай Республикалық деңгейде өткізілген семинарға қатысқаныма өте қуаныштымын. Осындай кездесулер жиі болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Просмотров: 519


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст