11.02.2020
11 ақпан, 2020 ж. Атбасар қ. №1 орта мектебінде Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерін шығаруға арналған: «Афганистан-живая память» мазмұнды сынып сағататры өткізілді. Бұл сынып сағаттары патриотизмге, ұрпақтар сабақтастығына, Қазақстандағы толеранттілік пен ұлтаралық қарым-қатынасқа тәрбиелеу және дамытуға бағытталды. Оқушылар ауған соғысына қатысқан адамдардың ерлігі жайлы көп деректерді білді, фильмдерді қарап, оны талқылады, осы соғысқа қатысқан жерлес батыр ағаларын еске түсірді. Соғыста қайтыс болған батырлар арасында атбасарлықтар да болған: Кайрат Таженов, Петр Осадчий, Радик Зарипов, Сергей Муха, Александр Марченко өздерінің интернационалдық борыштарын абыроймен ерлікпен атқарды, олардың есімдері елдің, қаланың тарихына мәңгі жазылды. Уақыт ХХI ғасырда орын алған оқиғалардан күн санап біздерді алшақтатуда, дегенмен, бұл оқиғаның келешк ұрпақтың санасында, жүрегінде болатыны даусыз. Ерлік ешқашан естен шықпайды. 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 15 февраля 1989 жылдың 15 ақпанына дейін созылған Ауғанстан соғысы ауқымы жағынан. Әскери егестердің тізбегінде ерекше маңызды орын алады. Қайғыға толы ауған соғысында ерлікпен қаза тапқандарды естен шығармау біздің борышымыз. Отан соғысындағы, ауған соғысындағы сарбаздардың ерлігі мен батырлығын өнеге тұтпай, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мүмкін емес.