«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа аспектілері.

01.04.2017

27-30 наурыз аралығында Астана қаласының дарынды балаларға арналған «Дарын»мектебінде қазіргі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа аспектілері атты семинар өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ұстаздармен қауышып, пікір алмастым. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қазақ тілі білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы - Жақыпов Жантас Алтайұлы мен Жұмағұлов Сағымбай Ботпайұлы - Еуразия Ұлттық Университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторлары дәріс оқып, тіл мен әдебиеттің біртұтас екендігіне тоқталды. Шумақ синтаксисі мен Эссе жанрларына кеңінен тоқталып, көптеген мысалдар келтірілді.

 Практик мұғалімдердің өткізген аргументтік эссе жаттығулары және ықшамсабақ түрлері де қатты ұнады. Біз оқушы ролінде болып,топтық, жұптық жұмыс түрлерінде жоба қорғап,бағалау түрлеріне тоқталдық.

 Барлық ұстаздар сертификат алып, марапатталды. Мен де осындай Республикалық деңгейде өткізілген семинарға қатысқаныма өте қуаныштымын. Осындай кездесулер жиі болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Просмотров: 616


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст