Текст
2023 жылдың 29 маусымында физика пәнінен жазғы мектептің тақырыбы: «Физикадан қарапайым ойын-сауық эксперименттер» атты сабақта эксперименттер жүргізу бойынша шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні балалар тәжірибелік есептерді шығару кезінде физикадан алған білімдерін жүйелей отырып, жаңа жағдайда білімдерін қолдана білуге, құбылыстарды түсіндіре білуге дағдыланды. Оқушыларға әртүрлі тәжірибелер берілді. Сұраққа жауап бере отырып, балалар тәжірибе жасап, қорытынды жасады.
Физика-математика мектебінің мұғалімі Герасимова Е.В.