11 ақпан күні" №1 орта мектебі "КММ 7" В " сыныбында Ауғаныстаннан әскерді шығаруға арналған Ерлік сабағы өтті. Сынып жектекшісі А. Нурманова оқушыларға Отанымыздың Ауған соғысының ерлік пен қайғылы сәттері жайлы айтты. Оқушылар назарына ұсынылған слайд презентациядан оқушылар Кеңес үкіметі әскерлерінің Ауған жеріне кріу сәті туралы хроникалық кадрларды қарады. Оқушылар кеңес әскерлерінің көбі мектеп қабырғасынан шыға сала соғысқа атттанған өрімдей жастар болғанын көрді. Адамдардың соғысу тәжрибесі болмаған, олар ойламаған жерден бөтен елде, соғыс, жаугершілік жағдайдағы ортаға тап болған. Бұл туралы сарбаздардың хатында жазылған, жетінші сыныптардың оқушылары осындай мазмұндағы хаттарды толқыныспен оқыды. Олар ауған соғысына жалпыадами көзқараспен қарап, саралады. Кеңес Одағының Батырлары туралы білді. Біздің керемет сарбаздарымыздың ерліктері ерен болғанын түсінді. Жастардың өмірі сұм соғыста қыршыннан қиылған жастардың, сарбаздардың ерлігі, олар туралы естелік халқынығ елінің жүрегі мен жадында мәңгі қалатынына көздерін жеткізді.