12.02.2020
Қазақ халқының Ұлы ақыны -Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында І. Есенберлин әдеби мұражайында ақынның туған жерінен арнайы әкелінген А.Құнанбаев атындағы Семей мұражайы жәдігерлерінің көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ақынның жеке заттары: музыкалық аспабы, кітаптары қойылды. Сонымен қатар, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйінен бірегей, қызықты фотокөрме де ұйымдастырылды. Саяхат жүргізуші І. Есенберлин мұражайының қызметкері Бекенова У.Б. қазақтың дана ақыны-Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтты. Жазба әдебиетінің негізін қалаушы Ұлы ойшылдың қазақ халқы үшін еңбегі ерен, орны маңызды екенін атап өтті.