12.02.2020
«Өзін-өзі тану» жаратылыстану циклы бойынша пәндердің онкүндігі «Дорогою добра» атты балалар әндерінің фестивалімен қорытындыланды. Ұқыпты, тартымды әсем безендірілген зал жас дебютантттарды жылы шыраймен қарсы алды. Керемет костюм киген, тамаша көңіл күйге бөленген фестивальге қатысушылар өз орындарына жайғасып, сахнаға шығу кезектерін толқыныспен күтті.
Мерекені 4 «Б» сынып оқушылары Белозёрова Анна мен Наговицын Ярослав жүргізді, олар көрермендерді фестивальге қатысушылармен таныстырды, ойындар өткізді, достық, мейірімділік туралы өлеңдер оқыды.
Шара соңында мектеп директоры Любовь Герихановна Бекова мұғалімдерге аталмыш онкүндікті жақсы ұйымдастырып, өткізгені және оқушыларға шараларға белсенді қатысқаны, ата-аналарға, қызметтестіктері үшін алғыс білдірді. Баршаға жетістік, табыс, жеңіс тіледі. Оқушылар оң эмоцияға бөленіп, тамаша көңіл-күйде, риза болып, үйлеріне тарқады.
Т.Р.Альбрехт , «Өзін-өзі тану» пәні ӘБ жетекшісі