13.02.2020
13 ақпан күні «Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып оқушылары арасында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерін шығаруға арналған салтанатты жиын өткізілді. Мектеп директоры Л.Бекова, оқушылар алдында сөз алып, аталған оқиғаның кеңес республикасы азаматтарының үшін маңыздылығын түсіндірді. Мектеп оқушылары соғыс іс-қимылдары бейнеленген бейне сюжеттерді қарады. Сонымен қатар, балалар аталған соғыста қаза тапқандардың, оның ішінде біздің де жерлестеріміз болған интернационалист-жауынгерлердің құрметіне үнсіздік минутында тағзым етті. «Жас сарбаз» мамандандырылған сынып оқушылары әскери өнер тәсілдері мен автоматты жинау біліктерін көрсетті. Жиын барысында әр түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан оқушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.
Бұндай жиынды өтекізу оқушылардың бойында адамгершілік-рухани сипаттарды, патриотизм, Отанға сүйіспеншілік сезімін, азаматтық жауапкершілік, өзара түсіністік және оқудағы, шығармашылықтағы жетістіктерге құлшыныс тәрізді қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.
М. Рыбинская, бастауыш сынып мұғалімі