13.02.2020
13 ақпан күні «Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ 5-11 сынып оқушылары арасында Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерін шығаруға арналған салтанатты жиын өткізілді. Мектеп директоры Л.Бекова, оқушылар алдында сөз алып, аталған оқиғаның кеңес республикасы азаматтарының үшін маңыздылығын түсіндірді. Мектеп оқушылары соғыс іс-қимылдары бейнеленген бейне сюжеттерді қарады. Сонымен қатар, балалар аталған соғыста қаза тапқандардың, оның ішінде біздің де жерлестеріміз болған интернационалист-жауынгерлердің құрметіне үнсіздік минутында тағзым етті. «Жас сарбаз» мамандандырылған сынып оқушылары әскери өнер тәсілдері мен автоматты жинау біліктерін көрсетті. Жиын барысында әр түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан оқушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталды.
Ауған соғысы тарих тереңіне бойлады, бірақ, онда қаза болған жауынгерлер, олрадың ерен ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Соғыс болмасын, соғыстан қайтпаған адамдарды естен шығармау парызымыз. Халқымыздың арасында бұрыннан қалыптасқан достық, әскери туысқандықты қолдау арқылы шынайы патриотизм рухына тәрбиелеуге болады.