2017 жылдың 17 ақпаны күні №1 орта мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, интернет тәуелділіктің және кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық жанасушылықтың алдын алу шаралары шеңберінде «Мектеп және отбасы - баланы тәрбиелеу және олрадың қауіпсіз өмірін, қамтамасыз етудегі әріптестер» тақырыбына ата-аналар конференциясы өткізілді.
Ата-аналардың назарына келесі мәселелер ұсынылды:
Балаларды мектепте және отбасында тәрбиелеу – тұлғаның дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
жеткіншектер арасындағы жүктіліктің алдын алу ;
ВИЧ-инфекциясының алдын алу;
кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу;
жеткіншектер арасындағы суицидалдық мінез-құлық; «Синий кит» ойыны. «Балаларды мектепте және отбасында тәрбиелеу – тұлғаның дамуы үшін қолайлы жағдай жасау» мәселесі бойынша сынып жетекшісі Даржанова Алтынай Отузбаевна сөйледі.
АОА гениколог-дәрігері ММБ Ли Галия Жанайдаровна - тұлғаны жыныстық жанасудан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен қорғалады және кепілдік берілетінін, осы орайда баланың жыныстық дұрыс дамуы, қалыпты физикалық және моральдік дамуы ескерілетінін айтып, жеткіншектер арасындағы жүктіліктің алдын алу мәселелесіне тоқталды.
АОА инфекционист – дәрігері Демидова Галина Васильевна ВИЧ–инфекциясының алдын алудың бірлен бір аспектісі сауалауатты өмір салтын ұстану және оны насихаттау, ВИЧ – инфекциясының алдын алу -бүгінгі күні осы проблема бойынша тұрғындар арасында ағартушылық жұмыстар жүргізу деген сөз екеніне назар аударды.
Ювеналдық полиция инспекторы Абдулина Гульмира Биржанкуловна мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтарға қарсы әрекет жасауы қылмыскерлікке қарсы тұру жұмыстарының бір түрі болып табылатынын айтып, ата-аналарды кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жайы мен статистикасына тоқталды.
Жеткіншек- : «МЕН кіммін?", «неге МЕН?", «МЕН кім үшін?" және «МЕН қандаймын?" деген сұрақтарға тынымсыз жауап іздейтін, жан-жақты даму үдерісіндегі тұлға. Жеткіншек жаста индивид жаңа әлеуметтік позицияға өтеді, сол кезде оның өзіне және қоғам мүшелеріне деген саналы көзқарасы мен қарым-қатынасы қалыптасады дей келіп, директордың ТЖҰ бойынша орынбасары Макишева Айнагуль Макулбековна ата-аналарға жеткіншектердің интернет тәуелділігі мен соңы ажалға алып келетін «Синий кит», «Тихий дом», «Разбуди меня в 4:20» ойындарының қатері қаупі туралы айтты. Бұл ойындардың шығу жолы, қанша уақыттан бері жүріп жатқаны және қашан аяқталатыны туралы деректер берілді. Осындай жағдайға кезіккен сәтте, балалар интернет ойынмен әуестеніп кеткенде не істеу керек туралы психологтың тәжірибелік кеңесімен ата-аналарға арналған жадынамалар дайындалып,таратылды. Ата-аналардың барлық ұсыныстарын тыңдай келіп, мектеп директор школы Чуркина Т.А. ата-аналар конференциясын қорытындылады, барлық қатысушыларға алғыс білдірді.