14.02.2020
"Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде мектептерді цифрландыру ісі жүргізілуде. Оқу үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдалану цифрлық технологияларды енгізудегі маңызды қадамдардың бірі болып табылады. осыған байланысты, 2020 ж. 13 ақпаны күні Көкшетау қ. «Электронные учебники для цифрового Казахстана: опыт создания и внедрения от издательства «Алматы кітап баспасы:» атты өңірлік облыстық семинар өтті, оған Ақмола облысынан 170 педагог қатысты.
Орыс тілі және әдебиет мұғалімі А. Утеуовамен бірге аталған баспа авторларынан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болдық. Аталмыш баспахана Эстониядан әріптестер шақырта отырып, өз қаражаты есебінен 64 оқулықты цифрландырып, өз электрондық оқулық жүйесін құрған. Opiq Opiq.kz. электрондық оқулықтарымен қазақстандық платформа нұсқасын құрған . Аталған платформада жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша дайындалған бірінші-үшінші, бесінші –алтыншы және сегізінші сыныптардың оқулықтары орналастырылған. Электрондық форматтағы оқулықтарда көптеген интерактивтік мультимедиялық материалдар бар. Электрондық оқулықтар тапсырмалардың кең спектрін дайындау мүмкіндігін береді, әрі автоматты тексеру режимімен қамтылған. Конкурс ұйымдастырушысы болған «Алматы кiтап баспасы» opiq.kz платформасындағы электрондық оқулықтар оқушы қажеттілігіне бағытталғанына және мұғалімдерге оқу үдерісін тиімді құруға себін тигізетініне сенімді. Апробация платформада нені жақсарту керектігін көрсетті . Іс жүзінде жұмыс жасап жүрген мұғалімдердің ұсыныстары ескерілді. Электрондық оқулықтардың артықшылықатры аталып көрсетілді:оқушылардың рюкзактарының салмағы мейлінше жеңілдеді, негізгі үйретілетін материалдарға аудио және бейне файлдар, слайдтар мен графиктар қосылды, бұл оқушылардың пәнге қызығушылықтарын барынша арттырды; сонымен қатар, тағы бір маңызды жайт: жеткіншектердің заманауи гаджеттерге құштар болуына қарай, оларды керекті ақпараттарды алуға үйрету қажеттілігі болмауы. Сөйлеу барысында платформа қолжетімді, тек онлайн режимде жұмыс жасауына байланысты, интернеттің болу маңызды екені аталып өтті.
Алғашқы қазақстандық электрондық оқулық құрастырушылардың өздері олардың алдында әлі де қыруыр, ұзақ уақыт бойы атқаратын жұмыстар күтіп тұрғанын жақсы түсінеді. Үдеріс барысында контентті байыту, мектептерде жабдықтардың жетіспеуі бойынша проблемаларды шешу, жергілікті атқару органдары тарапынан қолдау табу. Дегенмен, олар қол қусырып қарап отырған жоқ, олар өздерінің технологиялары енгізілетін оқу мекмелерінің санын арттыру бойынша жыл сайын белсенді жұмыс жасауда.
Писклова С.Н., бастауыш сынып мұғалімі