14.02.2020
2020 жылдың 13 ақпаны күні «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ 7 «Б», 8 «В», 9 «А» сыныптарының оқушылары Ілияс Есенберлин әдеби мұражайына саяхатқа барды. Саяхат біздің сүйікті қаламыз Атбасар туралы әңгімемен басталып, «қаланың айтулы адамдары» таралы тақырыпқа көшті. Оның ішінде көптеген танымал шығармалардың, «Көшпенділер», «Алтын Орда» тәрізді тарихи романдар авторы, Қаз КССР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық лауреаты Ілияс Есенберлиннің алар орны ерекше. Мұражайда өлкетанушы Клара Амирова, жазушының ұлы Қозы Көрпеш Есенберлин, інісі Раунақ Есенберлиннің ықпалымен экспозициялық қор жинақталған.
Мұражай І.Есенберлиннің өмір мен шығармашылығына арналған және 4 залдан құралады : жазушының балалық және жастық шағы; оның Ұлы Отан соғысына қатысуы; еңбек жолы; әдеби шығармашылығы. Жазушының жеке заттары мұражайдағы аса бағалы жәдігерлер болып табылады.
Мұражай қорында– «жазушының дауысы жазылған үнтаспа», «Лодка», переплывающая океан» кітабынының қолжазбасы, автографтары бар кітаптар коллекциясы, отбасы мен қызметтестер ортасындағы фотосуреттер, І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм, жазушының ұлымен жасалған сұхбат тәрізді ерекше құндылықтар сақталған.
2020 жылы ұлы жазушы І.Есенберлиннің туғанына 105 жыл толады. Оқушылар мұржайдан тамаша әсер алып, көптеген ақпараттар алумен қатар, өлкетану саласындағы дүниетанымдарын кеңейтіп қайтты.
Гишлеркаев И.И.