14.02.2020
14 ақпан күні №1ОМ конференц-залында Кеңес әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 толуына орай, интернациалист-жауынгерлерг арналған ашық журнал түріндегі "Афганистан - наша память и боль..." атты сыныптан тыс шара өткізілді. Бұл шараға ауған соғысының куәгерлері болған Кошмар Александр Васильевич, Фролов Александр Анатольевич, Бескоровайный Николай Васильевичтер қатысты. Ашық шара жас ұрпаққа сонау Ауғанстан жерінде болған соғысқа, сол жылдардың трагедиялық оқиғаларына көз жүгіртіп, тарихқа бойлау мүмкіндігін берді. Шара барысында 6 сынып оқушылары сол жылдардың оқиғаларына, сарбаздарға арналған өлеңдерді оқыды. 9 сынып оқушыларының гитарамен орындаған «Здравствуй, мама» әні, би номерлері ерлік сабағының музыкалық нотасына айналды.
Біздің оныншы, "Жас Сарбаз" арнайы сынып оқушылары әскери өнер мен білімнің алғашқы тәлім-тәжірибесін мектеп қабырғасында жүріп алатыны аса қуантарлық жайт.шара барысында олар қонақтар алдында әскери білік-дағдылары мен автоматты бұзу-жинау бойынша өнер көрсетті. Біздің жерлестеріміз: К.Таженов, С.Муха, П.Осадчий, А.Марченко, Р.Зарипов құрметіне бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетілді.
Ардагерлер өздерінің әскери жолдары туралы әңгімелеп, патриотизм және барлық жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың маңыздылығы жайлы сыр шертті.
Мектеп директоры Бекова Л.Г. оқушылар атынан құрметті қонақтарға алғыс білдірді. Мектеп оқушылары ауған соғысының ардагерлеріне естелік сыйлықтар сыйлады.