Текст
14 ақпан 2020 ж., «Атбасар қ. №1 орта мектебі» КММ 11 сынып оқушылары ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша (ҰБТ) online тестілеуден өтті. Тестілеуден өту кезінде оқушылардың ҰБТ тапсыруда өздері таңдап алған пәндер бойынша тестік тапсырмалармен танысу, сонымен қатар аталған пәндер бойынша өздерінің білім деңгейлерін тексеру мүмкіндігі болды. Тестілеу аяқталған соң оқушылар өз нәтижелерін сараптай алады.