15.02.2020
Бүгін, 15 ақпан күні Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл болды. Осы айттулы датаға орай, Жеңіс саябағында интернационалист-жауынгерлерге арналған салтанатты митинг өтті. Осынау соғыста қаза болғандарды еске алу жиынына аудандық, қалалық әкімшілік өкілдері, мектеп оқушылары ауған соғысының ардагерлері қатысты. Митинг Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Сұрапыл соғыс туралы естеліктер айтылып, от пен өлім орталысна ерлік танытқан айтулы слғысқа қатысқан, қаза тапқан сарбаздар туралы ерекше жылылықпен айтылды. «№ 1орта мектеп» КММ ұлдары біздің жерлестеріміз: К.Таженов, С.Муха, П.Осадчий, А.Марченко, Р.Зарипов құрметіне орнатылған естелік тақтаға гүл шоқтарын қойды. Бұл сұрапыл соғыста қаза болғандарға бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетілді.
К.Зинченко