«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ілияс Есенберлин әдеби мұражайына саяхат

17.02.2020
14 ақпан күні №1 орта мектебінің  содержательно была проведена экскурсия в литературном музее Ильяса Есенберлина для педагогикалық ұжымы Ілияс Есенберлин әдеби мұражайына мазмұнды маңызды  саяхатқа барды. 
 Мұғалімдер  қызықты танымдық материалдар жинақталған  4  залды тамашалады.
 Бірінші залда Атбасар қ. панорамасы берілген. Жабай өзенінің жағасында орналасқан  бұрынғы қаланың тар көшелері, ескі үйлері көз алдымызда көрініс тапты. Саяхат жүргізуші тарихқа үңіле отырып,   біздің  әйгілі жерлесіміз  Ілияс Есенберлин туралы құжаттар, жәдігерлер, құнды материалдар орналасқан  жазушы туралы азлға ауысты. Біз жазушының шежіресімен және өмірбаянымен таныстық.  Оның балалық және жастық шағы  1920—1930 жылдармен, қазақ халқы    аштықты,  жоқшылық пен  кедейлікті   бастан өткерген  қайғылы оқиғалармен байланысты болған.  Ілияс тоғыз жасынан бастап тұлдыр жетім қалып, балалар үйіне жіберілгендіктен, ол   үшін бұл оқиғалар  оның өімірінде ерекше із қалдырған. Балалар үйінде жүргенде қабырға газеттеріне  өлеңдер шығара бастаған кезде болашақ жазушының шығармашылық бейімділігі ашылады. Бастауыш мектепті аяқтағн соң  Ілияс  Қызылорда қаласына жіберіліп,  интернатта оқиды, кейін  Қарсақпай  қ. аудандық атқару комитетіне  жұмысқа орналасады. Жазда Алматы қаласындағы кен байыту институтының дайындық курсында оқытуға Қарсақпай қ.  атқару комитетіне келген разнарядка бойынша Ілияс  тау-кен  факультетінің студенті атанады Қоғамдық өмірге белсенді араласып, партия қатарына  қабылданады, тез арада   институт ішінде   танымал адам болады. 1937 жылы Қазақ ҚССР алғашқы Конституциясы қабылданған. Қазақстан Кеңестерінің  1-ші Төтенше съезіне  студент Есенберлин  делегат болып сайланады. Біз  атбасар  топырағының тумасы,  айтулы азаматтың  өмірі туралы  көптеген қызықты деректерді білдік..
Үшінші зал жазушы шығармашылығына арналған, онда жерлесіміздің  рломандары, кітаптары мен қататар, бірнеше тілге аударылған танымал романдары болды.  Жазушының жеке хаттары оның жан-дүниесінің аса бай е екенін танытты. Сонымен қатар, жазушының інісі  Раунақтың өмірбаянымен таныстық.
 Келесі залда бізді  «Абай Құнанбаевтың өмірі мен  шығармашылығы» атты экспозиция күтіп тұрды. Осында қойылған жәдігерлер арқылы біз Ұлы ақынның жеке музыкалық аспабын, ақын отбасының шежіресін,  осы күнге дейін сақталып келген Абай Құнанбаевтың ұлдарымен түскен ескі фотосуреттерін, жеке хаттарын  тамашаладық. Бұның бәрі ақынның мерейтойы қарсаңында Абайдың туған жері  - Семейден арнайы  әкелінген. Саяхат жүргізушілерге, мұражай қызметкерлеріне қызықты, танымдық саяхат үшін алғыс білдіргіміз келеді.  
 
Ларионова Т.В.
 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 412


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст