17.02.2020
Математика–барлық нақты ғылымдар сөйлейтін тіл.
Н.И. Лобачевский
2020 жылдың 17 ақпаны күні №1ОМте математика, физика және информатика пәндерінің онкүндігі салтанатты ашылды. Жиынға 5-11 сыныптардың оқушылары қатысты
Онкүндіктің негізгі мақсаты – пәндерге қызығушылықты арттыру, оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, дамыту болды. Онкүндік шеңберінде ашық сабақтар, конкурстар мен математикалық викториналар өткізу жоспарлануда.
Онкүндік: «Неделя МИФ опять Вас собрала на праздник знаний…» сөздерімен басталды. Шара барысында математика, физика және информатика туралы өлеңдер оқылды, 5 «В» сынып оқушылары өнер көрсетті.
Математика ғылымдарының Патшайымы бейне қоңырау арқылы оқушылар мен мұғалімдерді апталықтың ашылуымен құттықтап, оқушыларға арналған тапсырмалармен өзінің көмекшілері-Глашатайларды жібергенін хабарлады.
Мектеп директоры Бекова Любовь Герихановна жиналғандарға жылы лебізін білдірді. Любовь Герихановна математика, физика, информатика туралы көптеген жақсы сөздер айтты.
Шара соңында 7 «А» сынып оқушыларының орындауында «функция графиктері» математикалық биі жұртшылық назарына ұсынылды, би арқылы олар функция графигі тек сызба арқылы ғана емес, би арқылы да көрсетуге болатынын дәлелдеді, у=1, у=х2, у= -х2, у=׀х׀, у=sinx, y=tgx, y=ctgx гарфигі көрсетілді.
Биден керемет әсер алған жиналған оқушылар жүргізушінің осы аптаны: «Зерігусіз ғылым!», «Наука без скуки!» ұранымен өткізейік деген үндеуін қолдады, риза болған оқушылар кабинеттерге сабақтарына тарқасты.