«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп оқушысының салауатты тамақтануы – үздік оқуға апаратын жол!

18.02.2020
Мектеп оқушылары  өсу, даму, сырқаттардан сақтану және қуатты әрі  физикалық белсенді болу  үшін жақсы тамақтануды қажетсінеді.
Баланың  негізгі дамуы және тамақтануды қоса алғандағы өмір салты мектеп жасында қалыптасады.  Біздің мектепте баланың денсаулығын сақтау және салауатты  тамақтануы бойынша жұмыстарды тимді өткізу мүмкіндіктері бар. 
Балалардың мектепте болу кезінде ыстық тамақтануы денсаулықты сақтау және тиімді оқытуға ықпал ететін маңызды жағдай болып табылады.  бір жайт. Мектептегі тамақтануды жақсы  ұйымдастыру балалардың денсаулық деңгейлері көрсеткішін жақсартуға ықпал етеді. Толыққанды әрі теңгермді тамақтану сырқаттардың алдын алады, оқушылардың  жұмыс қабілеттіліктері мен үлгерімдерін,  физикалық күш-қуаттары мен ақыл-ойларын дамытуды  арттырады.
Мектепте ұйымдастырылған тамақтандыру санитарлық ережелер және  нормамалармен регламенттеледі, сондықтан, тиімді тамақтану ұстанымын барынша қанағаттандыруы тиіс. 
«Атбасар қаласы №1орта мектебі» КММде балаларды ыстық тамақтанумен қамту бойынша жұмыстар жоспарлы өткізіледі: тамақтануға арналған үзілістер беру,тамақтану мәдениеті туралы мәселелерді  биология, технология пәндерінің оқу жоспарларына енгізу. Мектеп медқызметкерімен теңгерімді тамақтану барысы тексеріледі, салауатты тамақтану және тамақтану мәдениеті бойынша дәрістер оқылады,көрнекі үгіт жүргізіледі, суреттер, плакаттар конкурстары өткізіледі,  сыныптарда салауатты тамақтану бұрыштары безендіріледі.
Балалық шақта алған дағды адамның бойында қартайғанша  қалатындықтан, мектеп жасынан бастап  дұрыс тамақтануды насихаттау аса маңызды болып есептеледі. 
 
 
 
 
 
 
Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст