19.02.2020
«Туған үй», «жанұя» сөздері өміріміздің ең алғашқы сәтенен бастап біздің түйсігімізде терең орнайды. 2020 жылдың 18 ақпаны күні 7 «В» сынып оқушыларымен өткен сынып сағатында жанұя – адам өміріндегі бірегей сыйлық деген тақырыпта сөз қозғалды.
«Моя семья – моя крепость» - тақырыбы бойынша талқылауда оқушылар белсенділік танытты. «Бақытты отбасы», отбасылық дәстүрлер, жанұя ішіндегі сыйластық жайлы өз ойларын белсене айтып, олардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Сынып сағатында жұмыс кезінде әр оқушыға : әр кірпішін жылылық пен қуаныштан қалап, өз арманыңдағы үйді сал деген қызықты тапсырма берілді. Оқушылардың көбі отбасының іргетасы: жылылық, қамқорлық, құрмет, жауапкершілік, сүйіспеншілік, шыдамдылық, бақыт болса мықты қаланады, берік болады деген пікір білдірді. Әр оқушы сабақта өздігінен бақыт рецебін жасап, отбасындағы қарым-қатынастар берік болсын деген ниетпен оны басқалармен бөлісті.
Отбасындағы жағдай оның ішіндегі әр адамға байланысты екенін анықтаған оқушылар қара бұлтты сейілтуге ниет білдірді, «тілек аумағында» ең шынайы, ең жақсы, игі тілектері мен позитивті ойларын қалдырды.
А.Нурманова