18 ақпан 2020 жылы «Атбасар қаласы №1орта мектебі» КММде Алдын алушылық Кеңесінің отырысы өтті, онда мектеп оқушыларының тәртіптері қаралды. Алдын алушылық Кеңесі жұмысының басты мақсаты – мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. Кеңес сонымен қатар, оқушылар және ата-аналар өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқармаған, бала тәрбиесіне жете көңіл бөлінбей жатқан жағдайда жеке және топтық алдын алушылық жұмыстарын жүргізеді. Отырыстарда оқушылардың мінездемелері, жеке алдын алушылық жұмыстарға жұмылдырылған басқа да қызметкерлердің ақпараттары тыңдалады. Тәжірибеге сүйене отырып, бұндай қызмет түрі ата-аналар мен оқушылардың құқықтарын сақтап қана қоймайды, сонымен бірге кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу , отбасындағы кейбір келеңсіз жағдайларды түзету, оқушының әлеуметпен, отбасымен, оқушылармен, мекетппен ара-қатынасы бұзылған кезде олардың адамгершілік әлеуеттерін тоылққанды қалпына келтіру бойынша жауапкершілікті мектеп пен жанұяның бірдей мойнына алуға, жүкті жұмыла көтеруге ықпал ететіні анық дей аламыз. Біздің мектептің педагогтары,алдын алушылық Кеңесінің мүшелер кеңес жұмысы келешекте барынша тиімді болып, өмірлік қиын жағдайға душар болған әр нақты баланың, жеткіншектің өмірін жақсы жолға қойып, өзгерте алады.