19.02.2020
18 ақпан 2020 ж. МИФ апталығы шеңберінде математика мұғалімі Захарова Галина Ивановна 5 «А» сыныпта «Десятичные дроби» тақырыбына ашық сабақ өткізді.
Білім алушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдерін, өздігінен жұмыс жасау, жауаптарын коментарийлеу дағдыларын көрсетті. Оқушылар әдептілігімен, сауатты жауаптарымен, алдына оқу міндеттерін қоя білу, өз назарларын қажетті түсініктерге шоғырландыра алу дағдыларымен қатар ұқыптылықтарымен де қуантты. Сабақта Сергей Соседа, Дарья Шумилина, Марина Сосковец және Лебедев Никиталар белсенділік танытты. Сабақтың басты мақсаты – оқушылармен мұғалім арасындағы өзара байланыс іске асырылды. Білім алушылар Галина Ивановна ұсынған есептерді шығарды, тапсырмаларды орындады. Балалар орнында да, тақта алдында да белсенді жұмыс жасады. Сабақта сандардың қатарын жалғастыру тақырыбы да қозғалды. Сабақта 5-ші сыныптың оқушылары мұғалімнің жетекшілігімен «Выбери лишнее» ойынын ойнады. Сабақ барысында белгі беру сигнальные карточкалары ұтымды пайдаланылды, сол арқылы мұғалім оқушылардың сабақты меңгеру, белгілі тапсырманы орындау кезіндегі қиыншылықтарды анықтады. Сабақ соңында рефлексия өткізілді, олар нені үйренгендерін, алған білімдерін қаншалықты қолдана алғандарын саралай келіп, «Жарайсыңдар» деген сөзбен қорытындылады.
Оқытудың келесі әдістері: мұғалім–оқушы диалогы, алдында үйренген материалдың өзектілігі, өзіндік жұмыс жасалды, проблемалық жағдай жасалды. Ізденістік және зерттеушілік жұмыстар орын алды
Сабақ жақсы деңгейде өтті. Мақсаттар оқушылар үшін анықталған және түсінікті. Сабақ мазмұны оқушылардың жасына сәйкес болды. Сабақтың барлық кезеңдері бірізді және логикалық байланысты. Сабақтың құрылымы аталған сабақтың типіне сәйкеседі. Сабақтың тұтастығы қамтылып, аяқталды. Білім, білік дағдыларды қалыптастыру жүйелігі сақталды. Көрнекі құралдар, танымдық қызметтер және тәжірибемен ұтымды ұштасқан теория болды. алуан түрлі әдіс-тәсілдер, оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиясы қолданылды. Оқу материалының көлемі дұрыс анықталған, уақыт ұтымды бөлінді, сабақ жариялы, объективті негізде өтті. Сабақ барысында жанға жайлы атмосфера орнатылды оқушылар өздерін емін-еркін сезінді. Мұғалімнің сөзі сауатты, түсінікті, мағыналы-мазмұнды, Захарова Галина Ивановнаның сабағы жоғары бағаға лайық.