Текст
20 ақпан күні «№1орта мектеп» КММ кітапханасында 5-7 сынып оқушыларымен «Час чтения» атты шара өткізілді. Шараны мектеп кітапханашысы Конурбаева Д.А. өткізді. Ол қазақ халқының ұлы адамдарының айтулы даталарына тоқталды. Биылғы жылы еліміз қазақ халқынның ұлы ақыны А.Құнанбаевтың, шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидың мерейтойын атап өтпекші. Оқушылар көптеген танымдық ақпараттар алды, ұлы адамдардың өмірінен біраз мәліметтерді білді. Оқушылар оқығандары туралы пікір алымасты және Динара Айтбаевнаның сөздері оларға қосымша ақпарат бергенін айтты.