21.02.2020
Адам айналасындағы қоршаған әлемге бей-жай қала алмайды. Адамдар жанымызда жүрген қай жан болсын өмірде болып жатқан түрлі оқиғалар біздің бойымызда: қуаныш, жеккөрушілік, енжарлық, ұйят, мақтаныш, сүйіспеншілік тәрізді түрлі сезімдерді оятады. Қоғамдық тіртіп ережелері біздің бойымыздағы осынау түрлі сезімдерді басқара білуге баулиды. Оған бала жастан үйрену керек. Осыған орай, 10 сыныпта великого ұлы классик ақыны Пушкиннің өлең жолдары айдарындағы: "Учитесь управлять своими эмоциями!" атты сыныптан тыс шара өткізілді. Оқушылардың шығармашылық тобы залды көркем безендіріп, қоғамдық өмірдегі түрлі сәттерді және олардан шығар жолдарды бейнелеу арқылы көрнекіліктер дайындады. Ақпараттық топ заманауи презентация дайындады және тақырып терминологиясы мен проблемасын түсіндірді.
Әр оқушының өмірінде кездесіп қалуы мүмкін әрі келешекте пайдасы тиер деген ойымен өткізілген өзіндік реттеу жаттығуы аса қызықты болды.
Шараға қатысушылардың бәрі бір ауыздан: адам ұстамды әрі тәрбиелі, кешірім сұрай білоу және кешірімді болу керек деген тұжырымға келді. Ал ең бастысы стресс жағдайларына жол бермеу керек деп түйіндеді, өйткені ежелден - ақ дәрігерлердің айтуынша, адамның эмоциясы мен денсаулығы аса тығыз байланысты. Өзіндік реттеуге үйрену, психоэмоционалдық жағдайларын басқару білу оқушыларға толерантті әрі жоғары мәдениетті қоғамда өмір сүруге көмектеседі.
Токтарова Г.К.