«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Математикалық ринг» қызықты шарасы

21.02.2020
21 ақпан  2020 жылы математика мұғалімі  Мартин С.В  «№ 1 орта мектеп» КММ 8 сынып оқушыларымен: «Математический ринг» сыныптан тыс шарасын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты: оқушылардың математика пәніне қызығушылықтарын арттыру, ұжымдық және жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу, шығармашылық қиялдары, елгезектігін дамыту болды.
Шара балалардың  жас ерекшеліктері мен олардың қызығушылық және тәрбиелік деңгейлеріне, тапсырмалар математикалық дайындық деңгейіне сәйкес болды. Математикалық  рингке дайындық кезінде барлық оқукшылар осы үдеріске жұмылдырылды. Қазылар алқасына мұғалімдер шақыртылды.
Шараны математика мұғалімі Мартин С.В. бастады, ол оқушыларды  позитивтік тұрғыда дайындады, сондықтан да шара барысында есті бәсекелестік пен белсенділік орын алды.
 Командалар бірігіп жұмыс жасады. Шара өтетін орындағы жайлы, мейірімді достық атмосферасы математикалық  рингтің қызықты өтуіне өзіндік ықпал етті. Ойын  8 турдан құралды. Әр турда әр команда үшін қызщықты тапсырмалар берілді. Дұрыс жауап берген  команда ұпай алады, олар қаншалықты көп сұраққа жауап берсе сонша көп ұпай жаинады. Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтарға  тез,  әрі дұрыс жауап берді.  «Математикалық  эстафета» аса қызықты болды, оның барысында оқушылар елгезектік, ойлағыштық қабілеттерімен қатар, пән бойынша   білімдерін  көрсетті.  Конкурстардың бәрі жылдам, қызықты өтті.оқушылар барлық сқрақтрға ұйымдасқан түрде жауап беріп, тапсырмаларды қызыға тыңдады, шараның барысында белсенділік танытты. Тапсырмалар пән аралық байланысты  көздеп, ойын түріне сай  құрылған.
Шараға 8-ші сыныптардың 15 оқушысы қатысты. Олардың  барлығы жинақылық танытып, есептерді, тапсырмадарды тез орындады. Ойын материалдары жан-жақты, қызықты, танымды сипатта болғандықтан, оқуышлар шараға қызыға қатысты. Барлық оқушылар шараға бар ынтасымен, қызығушылық таныта отырып, белсенді қатысып, сабаққа, пәнге деген ынталарын көрсетті.
В конце математикалық  ринг соңында қазылар алқасы қорытынды жасады,  8 «А» сынып командасы 46 ұпай жинап жеңімпаз атанды. Сөйтәп, шараның көздеген мақсат-міндеттері іске асырылды, демек, шара барысындағы  эрудиция мен тапқырлық соның дәлелі.  

 

Просмотров: 438


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст