Текст
Бүгін «Алтын бесік» балабақшасында аудандық семинар өтті. Семинардың негізгі тақырыбы мектепке дейінгі білім бердің жаңа сапасы: Сұраныстар мен қол жеткізу жолдары». Балабақша тәрбиешілері мастер класс, ертегі қойлымын, таным, денсаулық, шығармашылық саласында оқу қызметтерін көрсетті. Оқу іс әрекетінде әдіс тәсілдерді қолданып дамытушы ойындары арқылы балалар тапсырмаларды орындап, еркін сөйлеп, өз ойларын жеткізе білді. Семинар соңында келген қонақтар жылы лебізіндер білдіріп алғыстарын айтты.