24.02.2020
Математика мұғалімі Захарова Г.И. математика, физика және информатика апталығы шеңберінде «№1ортa мектеп» КММ 9-шы сынып оқушыларының арасында «Математический бой» сыныптан тыс шарасын дайындап, өткізді. Конкурс 11 турдан құралды. Командаларды хабарлап, бір-бірімен танысқан соң «Назови пару» жарысы басталды. Оқушылар математикалық терминдер, сөз тіркестері, фразалар туралы білімдерін көрсетті. «Самый внимательный» және «Думай и придумай» конкурстарында тапсырмалардағы қателерді табу керек болды. Команда капитандары жеке сайыста сөз құрастыру біліктерін көрсетті, ал белсенділік танытқан жанкүйерлермен «Игра со зрителями» атты ойыны өткізілді. Әділ өткен жарыс нәтижесінде 9-Б сынып оқушыларының «Люди игрек» командасы жеңімпаз атанды.
Бұл ойын жоғары сынып оқушылары үшін математиканың танымдық, қызықты тұстарын ашып берді. Ендігі кезекте жаттығулар, тапсырымалар, теоремалар мен дәлелдер, формулалар мен терминдер оқушыларға қиындық туғызбайтын, қызықты болып, көптеген өмірлік маңызды сәттерді шешуге себін тигізеді деп сенеміз.