26.02.2020
Баланың денсаулығын анықтайтын жайттардың бірі оның физикалық және ақыл-ойының дамуы болып табылады, бұл сипаттар жеткіншек ұрпақтың тамақтануын дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты. «Атбасар қ. №1 орта мектебі» КММде оқушылардың мектеп асханасында тамақтануына ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп қызмет көрсету сапасын жақсартуға назар аударады, оқушыларды осы қызметке жұмылдыра отырып, оларды қоғамдық тамақтану орындардағы тәртіп ережелері мен өздеріне өздері қызмет көрсету дағдыларына баулиды. Ата-аналар комитеті асханаға жиі келіп, тамақтану, ас дайындаудағы санитарлық гигиеналық нормалардың орындалуын бақылап отырады. Үзіліс арасында ас ішу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі.
Келіп түсетін өнімдер, оларды қабылдау, өңдеу, іске асыру, дайындау үдерістері, шығарылған өнімдердің сапасы қадағаланады. Мектепте барлық оқушылардың ыстық тамақтануына қажетті жағдай жасалған. Жаппай білім қоры қаражаты есебінен тегін тамақтандырылатын аз қамтылған отбасылардағы оқушылар мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің жіті бақылауында.
Ата-аналармен жұмыстар жүйелі жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету қажеттілігі түсіндіріледі. Оқушыларды ыстық тамақтануға тарту мақсатында тамақтану мәдениеті, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстар , сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар, түрлі тәрбиелік шаралар өткізіледі.
Жеткіншек ұрпақтың дамуы мен денсаулығын нығайтудағы ең маңызды болып табылатын мектепте тамақтандыру мәселесі ерекше бақылауға алынған.