26.02.2020
Математика өз қамалын тек мықтылар мен батылдарға ғана алғызады
А.П. Конфорович
26 ақпан 2020 жылы 5 «Б» және 5 «В» сыныптардың оқушылары математика мұғалімі Саликова А.М. ұйымдастырып, өткізген «Морской бой» математикалық викторинасына қатысты.
Ойын мақсаты-математика бойынша сыныптан тыс шаралар кезіндегі білім алушылардың белсенділігі мен математика сабағына қызығушылықтарын арттыру, математикалық терминдер, есептеу дағдылары бойынша білімдерін бекіту, логикалық ойлау, сөйлеу, жады, ес сипаттарын дамыту.
Ойын алдында балалар өз командаларын таныстыр, эмблемаларын көрсетіп, ұрандарын айтты. Мұғалім өз кезегінде ойын шартымен таныстырды. Дұрыс әрі нақты атыс үшін команда бір ұпайдан алып отырды. Құрамына мектептің математика мұғалімдері: Захарова Г.И., Кадырбекова Г.Х. болған қазылар алқасы ойын барысын қарап, бағалап отырды. Ойын шартына сай жеңімпаздар болу шарт. Шынайы, әділ «ұрыста» 5 «В» сынып командасы жеңімпаз атанды.
Балалар ойын барысында белсенділік танытты.Тапсырмаларды орындау кезінде командалар ұйымшылдық көрсетті, балалар ұжымдастығы байқалып тұрды. Салиқалы бәсекелестік рухы, жанға жайлы орта, эмоционалдық көңіл-күй математикаға деген шынайы қызығушылықты оятты. Математикадан ойын түріндегі сыныптан тыс сағаттар өткізу оқушылардың қызығушылықтарын оятты, осындай ойындарға қатысу құлшыныстарын байқатты. Демек бұл шаралар мектеп оқушыларының арасында математикаға деген кең қызығушылықты оятумен қатар, оларды белсенді шығармашыл қызметке жетелейтіні сөзсіз.