27.02.2020
27 ақпан 2020 жылы №1ОМ «Айналайын» шағын орталығында: «Обновление предметно – развивающей среды в процессе организации учебной деятельности» атты аудандық семинар өтті. Шағын орталық педагогтары мен тәрбиеленушілері қонақтарды музыкалық қойылыммен қарсы алды. Семинар барысында «Қолғап» ертегісі» тақырыбынла ашық сабақ өткізілді. Тәрбиеші Дүйсенбі Назгул өз сабағында ТРИЗ, флипчат иновациялық технологияларын қолданды. Тәрбиеші Дымникова Елена Анатольевна «Искусство Эбру – танцующие краски» тақырыбына мастер класс өткізді, оның барысында: АКТ: түсіндіру, көрнекілік және тәжірибелік әдістерді пайдаланды. Семинарда Эбру техникасы бойынша суреттер көрмесі ұсынылды.
Семинар қорытындысын шығару кезінде жиналған қонақтар тәрбиешілерге алғыстарын білдіріп, семинардың жұмыс барысы туралы айтып, балаларды оқытуды жетілдуру жолдарын белгіледі.
Біз, «Айналайын» шағын орталығының қызметкерлері, семинарда ұсынылған материалдар мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарының жұмысында пайдаға асады, балаларды тәрбиелеу және оқытуың жаңа идеялары мен тұрғыларын іздестіруге ықпал етеді деп үміттенеміз.