«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алғыс айту күні

28.02.2020
Көктемнің алғашқы күні біздің еліміз үшін аса  ерекше салтанатты мерекелік күн. Табиғат жаңарған  көктем күнінде жүректерге жылылық, көңілге қуаныш сыйлайтын, шынайлық мерекесі аталып өтеді.  Алғыс айту күні – казахстандық  патриотизм, бірлік пен достықтың жарқын  мерекесі.  Бұл бастаманы көтерген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті– Нұрсұлтан Назарбаев  болды, ол Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні мерекелеу туралы ұсыныс жасады.  Қазақстан  халықтары Ассамблеясының  құрылған күні  – 1 наурыз болғандықтан,  бұл күн барлық қазақстандықтардың бірі-біріне  мейірімділік, достық, сүйіспеншілік танытатын жарқын мереке.
Алғыс айту күнін атап өту  аясында Атбасар қ. №1 ОМде жас жеткіншектер арасында  патриоттық және адамгершілік сезімдерге тәрбиелеуге бағытталған меркелік шаралар,  акциялар өткізілді. 
Қайырымдылық пен достық салтанатты шарасының басты айдары «Помни и гордись своей историей» -  болды. Мақсаты -жеткіншек ұрпақ бойында  толеранттілік, достастық сезімдерін қалыптастыру  және дамыту,  бейбітсүйгіш, сауатты, мемлекетіміздің берік  іргетасы ретіндегі, Қазақстандағы ұлтаралық келісімді сақтауға, бір-біріне құрметке баулу.
Үлкендерге құрмет – жоғары білімді саналы азаматтың сипаты.  Педагогикалық ұжым мен мектеп оқушылары   ұрпақ аралық сыйластықты сақтап, өнеге болуда. Оқушылар  педагогтармен бірлесе отырып «Благодарность наша бесконечна!»  акциясын ұйымдастырып, №1ОМ  педагогикалық еңбек ардагерлерін мерекемен  құттықтады, ашық хаттар арқылы   жылы лебіздерін, игі тілектерін білдірді.
 «Ризашылық  - мейірімділік бұлағы»  мейірімділік сағаттарын өткізу оқушыларға осы мерекенің маңызын ашып, жанымыздағы жандарға барынша мейірімді барынша сезімтал болу керектігіне көздерін жеткізді. Алғыс айту күніне орайластырылған  «Веселые старты» шарасы жақының үшін жауапкершілікте болу, команда ішінде бірлік -татулық таныту, өзара көмектесу маңыздылығын ашып берді.  Шараға орта буын оқушылары қатысты. Мектеп фойесінде безендірілген   «Ұлт ұлысқа ортақ үй - Қазақстан» стенді  күндеолікті күйбің тірлікте,  әдет-қылықтардан көрінетін  алғыс айту  философиясын  көрсетті . Алғыс айту күні  – бір-бірімізге жақындау, бір-бірімізге сыйластық таныту және алғыс айту үшін тағы бір оңтайлы сәт.
 

Просмотров: 387


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст