«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт

28.02.2020
2016 жылдан бері Қазақстанда жаңа мереке  – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің   2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Қаулысымен бекітілген Алғыс айту күні мерекеленіп келеді.  Осы құжатпен айтулы мерекені ресми түрде  жыл сайын атап өту күні ретінде   – 1 наурыз  болып белгіленді. 
Бұл бастаманы көтерген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті– Нұрсұлтан Назарбаев  болды . 2015 жылдың сәуірі айында, Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен   Қазақстан  халықтары Ассамблеясының (ҚХА)  22-ші сессиясында   Қазақстанда жаңа мереке  – Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні мерекелеу туралы ұсыныс жасады.  Қазақстан  халықтары Ассамблеясының  құрылған күні  – 1 наурыз болғандықтан,  «кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, қазақ жерінен сая тапқан халықтар қазақ халқына шыдамдылығы мен қонақжайлығы үшін және  бір-біріне  бейбітшілік пен достық, еркіндік үшін алғыс білдіретін  мерекелік  күн болып белгіленсін» Бұл күн барлық қазақстандықтардың бірі-біріне  мейірімділік, достық, сүйіспеншілік танытатын жарқын мереке болады – деп атап көрсетті Ұлт Көшбасшысы.
Сөз орайында,  құрамында 800 ден аса этно-мәдени бірлестіктер бар Қазақстан халықтары  Ассамблеясы мемлекеттік ұлттық саясатта маңызды орын алатынын атап өту керек. Оның төрағасы  Ел басы, ал сессия – шешімдері барлық мемлекеттік құрылымдармен міндетті түрде қаралатын  жоғарғы органы болып табылады.  ҚХА  1995 жылдан бері атқарып келе жатқан  өз қызметінде  орталық және жергілікті  атқару  органдары мен биілктің  ұларалық қатынастарды дамыту жұмыстарын  үйлестіруші болып келеді. Оның қызметі ақпараттық, білімдік, тәрбиелік, құқықтық, сонымен қатар, ұлт аралық келісімді қамтамасыз етудегі халықаралық аспектілерді қамтиды.  Қазақстанның  заманау, көп ұлтты  жанұясы– Кеңес Үкіметінің саясаты арқасында орын алған, кезіндеРеспубликамызға әр жылдары талай халықтарды депортацияалу салдарынан   көптеген миграциялық толқындардың  салдары екені шындық. Бұл халықтар,  Назарбаевтың сөзі бойынша,  аш-жалаңаш қалпында айдалаға вагондап әкеліп тастаған, ал қазақ халқы өздерінің жағдайларына қарамай, оларды өз жанұяларына алып, саманнан салынған қараша үйлеріне қабылдаған. Сөйтіп, Қазақстанға  20 ғасырдың басында Ресей, Украина, Белорусия жерінен  1,1 млн. адам,   1930-шы жылдары, коллективизация кезінде  бұл жерге 250 мың кулақтар мен  шаруалар жер аударылса,  түрлі  өндірістік, әлеуметтік нысандар құрылысына КССРО  түкпір-түкпірінен  1,2 млн. адам келген. 
Бұл адамдардың Қазақстан жерінде  аман –есен қалуына, тұрмыстарын жалғастырып, өмір сүруіне  –Қазақстан халқының қосқан үлесі аса зор.  Осы мерекені тағайындау да соншалықты маңызды, бұл –әр уақытта  келген сан халықты  өз туысындай көріп, бауырына басқан қазақ халқына, қазақстандықтарға қайырымдылығы, қонақжайлығы, сезімталдығы мен кеңпейілдігі үшін алғыс білдіретін  күн. 
Мерекенің басты көздегені «Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт» деген ұстаным. Алғыс айту күнінің басты мақсаты  – кішкентай азаматтар –жеткіншек ұрпақ бойында  толеранттілік,  бір-біріне достық, сүйіспеншілік, мейірім,  құрмет сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстанда ұлтаралық келісімді, бейбітшілікті нығайту. Жаһандандыру кезінде шекара ұғымы артта қалып, дүние жүзінде миллиондаған  адамдар    мигранттар қатарында болып отыр. Сондықтан, ағымдағы жылы  біздің халқымыз үшін ең басты сынақ - шыдамдылық таныту.

 

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст