28.02.2020
2016 жылдан бастап Қазақстанда – Алғыс айту күні аталып өтілуде. Мерекенің басты көздегені - «Өз тарихыңды есте сақта және мақтан тұт».
Мектепте осы күнге арналған сынып сағаттары өткізіледі, онда айтулы мерекенің принциптері – халықтың басты құндылығы ретінде қоғамды азаматтық әлемді консолидациялау, қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, «Мәнгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жаңа Қазақстандық Патриотизмді нығайту туралы жан-жақты айтылады.
25 ақпанда сынып жетекшілері Қазақстандағы Алғыс айту күніне арналған бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушылар осы мерекенің шығу тарихымен танысты, ел Президентіне бейбітшілік пен келісім үшін алғыстарын білдірді.
«Рахмет» сиқырлы сөздер қатарында тегін тұрған жоқ. Бұл аса маңызды, көңіл қоншытатын жылы сөз. Жақсы сөз жан жылытады.