«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Алгебрадан заманауи форматтағы ашық сабақ

28.02.2020
28 ақпан  2020 жылы  «Атбасар ауданы білім бөлімінің Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММ  математика мұғалімі  Кадырбекова Г.Х.  алгебрадан: «Правила нахождения производной» тақырыбы бойынша 10 сыныпта ашық сабақ өткізді. 
Сабақ әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде өтті. Оқушылар үшін сабақтың мақсат-міндеттері белгіленді. Сабақтың мазмұны оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болды. Сабақтың барлық кезеңдері өзара логикалық тізбекті, өзара байланысты, балаларға түсінікті болды. Сабақтың құрылымы сабақ мазмұнына  сай.  Білім, білік, дағдыдаларды қалыптастыру кезінде жүйелілік пен бірізділік сақталды. Сабақта  пайдаланылған көрнекі құралдар оқытудығ сананы дамытып, белсінді қызметке жетеледі, теория мен тәжірибені ұтымды  ұштастырды. 
Сабақ барысында:  мұғалім- оқушы диалогы,  бұрын үйренген материалдарды өзектендіру, өзіндік жұмыс түрлері өткізіліп,  проблемалық сәттер құрылды ситуация.  Бұрын үйренген материалдарды өзектендіру ноутбуктерде «Learning App» бағдарламасымен жұмыс жасау түрінде өтті, олар сөзжұмбақтар шешті. Жұмыс соңында оқушылар  экраннан өз жұмыстарының  нәтижелерін көрді 
Сабақтың мақсаты оның барлық кезеңінде іске асырылды, алуан түрлі жұмыстар ұштастырылды: жеке және топпен жұмыс, мұғалімнің бақылауы, өзіндік бағалау  болды. Сабақ соңында  рефлексия  өткізілді. 
Сабақта  оқытудың  ақпараттық–коммуникациялық  технологиясы  қолданылды.  Оқу материалының көлемі белгіленді, уақыт ұтымды пайдаланылды, оқыту сипаты демократиялы, объективті болды. Сабақта жанға жайлы атмосфера орнап, оқушылар  өздерін еркін ұстады, жақсы білім көрсетті. Мұғалімнің сөзі сауатты, түсінікті, мазмұнды.  Кадырбекова Гульмира  Хайбрахмановнаның сабағы жоғары бағаланды. 
 

Просмотров: 364


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст