03.03.2020
17-28 ақпан күндері №1 орта мектепте математика, физика және информатика апталығы өткізілді. Апталық өту барысында оқушылар математика, физика және информатика сабақтарына қызыға қатысты, көптеген тарихи материалдармен танысты, қызықты есептер мен тапсырмаларды шешті, үздік есептегіштерді анықтады, математикалық ертегілер, тарихтар ойлап шығарды,сөзжұмбақтар, ребустар шешті, барлық ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларға белсенді ат салысты.
Математика, физика және информатика апталығы өткізу кезінде пән мұғалімдерінің алдында: түрлі жарыстар, сайыстар өткізу арқылы оқушылардың пәнге қызығушылықтарын, тапқырлығын, елгезектігін, байқағыштығын, команда жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту және бір-біріне мейірімділікпен, пәнге құрметпен қарауға тәрбиелеу міндеттері тұрды.
Бұл шаралар, конкурстар оқушылардың танымдық қызметтерін белсендіруге және дамытуға ықпал етті. Оқушылар қызықты түрде алған білімдерін бекітті, дүниетанымдарын кеңейтті. Шаралар кезінде орын алған шығармашылық орта мектеп оқушыларының эмоционалдық көңіл-күйлеріне оң ықпал етті.
2020 жылдың 2 наурызы күні математика, физика және информатика апталығы салтанатты түрде жабылды. Мектеп директоры Бекова Л.Г. мұғалімдерді апталықтың жабылуымен құттықтады және апталық барысында өткен конкурстардың жеңімпаздарын, белсенділік танытқан қатысушыларды грамоталармен марапаттады.