03.03.2020
2 наурыз күні № 1ОМ 10 шы сынып оқушыларының ата-аналарымен "Профессиональное самоопределение подростков" тақырыбына дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Мамандық таңдау көбінесе адамның келешектегі барлық өмір жолын анықтайтыны белгілі. Сондықтан, мамандық таңдауда жанына жақпайтын кәсіппен айналысуға мәжбүрлеуі мүмкін деген қателектерге жол бермеу маңызды. Кәсіп таңдауда оқушылармен және ата-аналармен де жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының алатын орны зор. Заманауи зерттеулер дәлелдеп отырғандай, ата-аналар өз балаларын, олардың қабілеттерін жақсы біледі, сол себептен де келешек мамандық таңдау, қай оқу орнына түсіп, оқу туралы мәселелер отбасында шешіледі. Осы орайда өткіізлген атаулы ата-аналар жиналысы уақтылы әрі өзекті болды.
Шара алдында ата-аналар "Корзина идей" креативтік тілектерімен танысты. Сосын сынып жетекшісі Токтарова Г.К . "Профессиональное самоопределение подростков" тақырыбына баяндама жасады, ата-аналар мазмұнды презентациямен танысты. Бұл ақпарат мектеп оқуышыларына «ниетім бар», «қолымнан келеді» әрі «керек» деген жиынтықтардың бәрін есепке ала отырып, мамандық таңдауына ықпал етерлік болып дайындалған. "Самые востребованные профессии" атты топтар бойынша тапсырмалар ата-аналардың шынайы қызығушылығын тудырды, олар пікір алмасты, дауласты, болжам жасады, өз ұсыныстарын ортаға салды. Бір топтың презентациясын екінші топ ата-аналарымен толықтырылды. Оқушылардың ниеттері мен мүмкіндіктері, алдағы ҰБТ мен қорытынды аттестацияға дайындықтары, туралы қызықты диалог ата-аналарлың жеткіншек жастағы өз балаларына қолдау-көмекті уақтылы көрсететінін байқатты.
10 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен дөңгелек үстел отырысы - дана тәлімгерлердің жеткіншектердің өзіндік кәсіби анықталу позицияларын қалыптастыру бойынша атқарып жатқан заманауи жұмыстарының бір түрі.