03.03.2020
2020 жылдың 3 наурызы күні «Атбасар қаласы №1 орта мектебі» КММде бүгінгі күні өзекті болып отырған сырқаттар туралы әңгімелер өткізілді:
1.Короновирустың алдын алу.
2. Туберкулез – дүниежүзіне төнген қатер.
Мақсаты: оқушылардың короновирус және туберкулез жайлы, олардың тарауы және сырқаттарды жұқтырудың алдын алу шаралары туралы ақпараттылық деңгейлерін арттыру.
24 наурыз «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні».
Туберкулез – ауа—тамшы жолдары арқылы берілетін аса қатерлі жұқпалы дерт.
Алдын алу мақсатында келесі санитарлық – гигиеналық шараларды атқару аса маңызды:
1. Ағзаның қорғаныш күшін әлсіретуге әсер ететін факторлардан аулақ болу
2 .Тамақтану, еңбек ету және демалыс режимін сақтау.
3. Салауатты өмір салтын ұстану.
4. Үй-жайларды жиі желдету.
5. Зиянды әдеттерге бой алдырмау
6 . Жүйелі түрде ылғалды жинастыру жұмыстарын өткізу
7. Жеке гигиена сақтау
8. Күдікті симптомдар кезінде дереу дәрігерге бару