03.03.2020
Аялаған, баптаған
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
АНАМЫЗҒА МЫҢ АЛҒЫС!
8 наурыз–көктем мерекесі, әйелдер мерекесі. Бұл әр балаға ерекше ыстық, ең жақын жандар- сүйікті аналар мен әжелердің мейрамы!
Шырайлы, әсерлі, керемет мереке қарсаңында, 3 наурыз күні № 1ОМте «Весенний вернисаж» атты қолдан жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде ата-аналар мен балалардың өз қолдарымен жасалған әр түрлі заттар орналастырылды. Ата-аналар көрме жұмысына белсенді қатысты, өз балаларымен бірлесе жұмыс жасап, нағыз шеберліктерін көрсетті. Көрмеде сан алуан материалдардан жасалған гүлдердң композициялары сән түзеді. Көрме өте жарқын, әрі мерекелік-салтанатты болды. Көрем деушілерге көз жеткізуге болады, тамашалаңыздар!