03.03.2020
Далада әлі қар жатқанымен, күнтізбе бойынша көктем келіп жетті! Бұл – жылдың керемет мезгілі , көктемнің алғашқы күндері Халықаралық әйелдер мерекесімен басталады.
8 наурыз – сүйікті аналарын, құрметті әжелерін, қадірлі әпке-сіңлілерін, қарындастарын құттықтау үшін балалар асыға күтетін тамаша мейрам. Бұл күні әсіресе аналар ерекше құрмет-құттықтауға лайық. Ана-әр адам үшін әлемдегі ең сүйікті, ең асыл, ең жақын жан. 8 наурыз - еліміздегі сүйікті мерекелердің бірі. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 0 «Б» сыныпта «Мама – самый лучший друг» атты мерекелік шара өткізілді.
Ата-аналар назарына аналардың портреттері салынған «Милая мамочка» жылжымалы папкасы ұсынылды. Шараның мақсаты жақындарына қамқорлық, сүйіспеншілік, мейіріміділікке тәрбиелеу, түрлі музыкалық қызметтер арқылы 0 «Б» сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен эмоциялық әсерлерін дамыту болды. Мерекелік шара барысында ана, әже туралы өлеңдер оқылды, би биленді, әндер шырқалды, музыкалық аспаптарда ойнады. Аналар мен әкелепр арасындағы әзіл конкурстар мен жарыстар қызықты өтті. Шараның соңында қатысушылар аналарына ашық хаттар мен жүрек тәрізді шарларды сыйлыққа тартты.
Гуляко Л.А.