«Акмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 1 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көп балалы мұғалімдерге құрмет

04.03.2020
Көктемнің тамаша күндерінің бірі 3-наурыз күні қаламыздағы №2 мектепте көп балалы аналарды құрметтеген тамаша бір кездесу болды. Бұл жиынға ауданымыздың білім беру саласында жұмыс істеп жүрген 36 көпбалалы ана қатысты. Форумның құрметті қонағы Отбасылық тәрбие институтының директоры Набитовская Любовь Николаевна жиналған аналарды көктем мерекесі "8-наурызбен" құттықтаудан бастады. Жылы шырайлы жиынның негізгі ұйымдастырушысы аудандық білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевна қатысушы аналарды жұмыспен бірге бала тәрбиесіне көңіл бөліп, еліміздің демографиялық өсуіне үлес қосып жүргендері үшін алғысын білдіріп, алғыс хаттармен,  бағалы сертификаттар табыс етті. 
Соңғы жылдары аналарға үкіметтің назар аударып, түрлі әлеуметтік көмек көрсетіп жатқаны анық. Осы орайда мереке қарсаңында көпбалалы аналардың көңілін көтеріп, үнемі қамқорлық көрсетіп жүретін білім бөлімінің басшысы Наталья Георгиевнаға, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Роза Балгенжиновнаға алғысымды білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аналарымыздың әрқашан көктемдей құлпырып жүруіне тілектеспін. 
 
№1 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі Камис Мейрамгүл
 
 
 
Просмотров: 419


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст